ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің отырысында қылмыспен бірлескен күрес бағдарламалары талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің отырысында қылмыспен бірлескен   күрес бағдарламалары талқыланады

ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің отырысында қылмыспен бірлескен күрес бағдарламалары талқыланады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. БАКУ. ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің отырысында қылмыспен бірлескен күрес бағдарламалары талқыланады, деп агенттік тілшісіне Әзербайжан ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2007
  • 396
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ТМД елдері ІІМ министрлері кеңесінің отырысы Баку қаласында 6 — 7 қыркүйекте өтеді. «Күн тәртібінде ТМД елдерінің қылмыспен, есірткілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен және лаңкестікпен күрес жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған бірлескен күрес бағдарламаларының жобаларын талқылау енгізілген», — деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге талқыланатын басты тақырыптардың арасында заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған шаралар, қылмыспен күрес жөніндегі ақпараттармен алмасу жөніндегі келісім жобасы, ішкі істер органдарына арнап мамандар дайындау саласындағы ынтымақтастық, ТМД елдерінің ІІМ арасындағы ынтымақтастықты жолға қою және келісім-құқықтық базаны зерттеу нәтижелері де бар.