ТМД елдері метрополитендерінің басшылары Алматыда бас қосады
8-11-маусым күндері Алматыда Халықаралық метро қауымдастығы мүшелері мен директорлар кеңесі отырысы өтеді. |
«Жиырмадан астам метрополитен мен аралас ұйымдар басшылары өзара тәжірибе алмасып, алдыңғы қатарлы технологиялармен танысу үшін Алматыда бас қоспақ.
Жиында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жүріп тұруына қолайлы жағдайлар туғызу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Конференция қатысушылары жылжымалы құрам жұмысы, эскалаторлар, тоннель желдеткіштері сынды заманауи қондырғылар мен техникалық құралдарды қолданысқа енгізу проблемаларын ортаға салады», - деп жұма күні Алматы «Метрополитені» МКК хабарлады.
Ақпарға қарағанда, кездесу барысында конференцияға қатысушылар Алматы метрополитенін аралап көреді.
Халықаралық «Метро» қауымдастығы 1992 жылы ақпан айында құрылған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін