«Саммит жұмысына Достастыққа мүше барлық 12 мемлекеттің басшылары түгелдей қатысады, деп күтілуде»,- деп атап өтті Тәжікстанның сыртқы саясат мекемесіндегі ақпарат көзі. Ол, сондай-ақ қазіргі уақытта министрлікке ТМД елдерінен келетін өкілдер құрамының тізімі келіп түсуге тиіс, деп қосты.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, алдағы ТМД елдерінің президенттері саммитінің күн тәртібі 20-ға жуық мәселені қамтыған, олардың ең бастылары — Достастықты дамыту концепциясы мен оны орындауға қатысты негізі іс-шаралар жоспары. Атап айтқанда, дайындалған концепция жобасы ТМД-ның одан әрі эволюциялық дамуын, Достастыққа мүше елдердің өзара ықпалдастығының тиімділігін көтеру үшін экономикалық және саяси тұрғыдан бірігуін қарастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті