ТМД елдерімен визалық тәртіпті енгізу жоспарда жоқ - Ресей Үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерімен визалық тәртіпті енгізу жоспарда жоқ - Ресей Үкімет басшысы

ТМД елдерімен визалық тәртіпті енгізу жоспарда жоқ - Ресей Үкімет басшысы

Ресей ТМД елдерімен визалық тәртіпті енгізуді жоспарлаған жоқ, алайда шекараны қиып өтуге шетелге шығу төлқұжаты міндетті болуы керек. Бұл туралы бүгін ресейлік телеарналарға берген сұхбатында Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев мәлім етті.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 273
Фото - Caravan.kz

«Шекарадан өту төлқұжаттар бойынша болуы қадамына өтуді жоспарлап отырмыз. Барлық шаралар ресми түрде орындалуы тиіс. Барша құжаттар яғни, төлқұжаттар, сақтандыру құжаттары рәсімделуі керек», — деді ол.

Сонымен қатар ресейлік премьер елде ұлтшылдық толқынды көтеруді доғару керектігін айта келе, ұлтшылдық көңіл күйді қоздыру үшін көші-қон саласындағы проблемаларды пайдалануды адамгершілікке жат әрекеттер деп бағалады.

«Осындай іс-қимылдарға баратындар — жауапсыз адамдар және ең қатаң айыптауға лайық», — деп мәлімдеді Д. Медведев.