ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің қысқаруы байқалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің қысқаруы байқалды

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің қысқаруы байқалды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Статистика комитеттерінің деректері бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр аралығында

  • 13 Шiлде 2015
  • 871
Фото - Caravan.kz

Достастық елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қысқарып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Достастық елдерінде 2015 жылғы қаңтар-мамырда 2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,6 пайызға қысқарған.

«Бұдан бөлек, Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2015 жылғы мамырда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,7 пайызға артты. Ал, өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 10,5 пайызға жоғарылап отыр», — делінген баспасөз баянында.