ТМД елдеріндегі теміржол транспорты туралы Кеңестің кезекті отырысында өзара берешектерді біртіндеп өтеу туралы келісімге қол жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдеріндегі теміржол транспорты туралы Кеңестің кезекті отырысында өзара берешектерді біртіндеп өтеу туралы келісімге қол жетті

ТМД елдеріндегі теміржол транспорты туралы Кеңестің кезекті отырысында өзара берешектерді біртіндеп өтеу туралы келісімге қол жетті

Маусымның 3-4 жұлдызында Алматыда өткен ТМД, Болгария және Балтық жағалауы елдеріндегі теміржол транспорты туралы Кеңестің 35- отырысында теміржол әкімшіліктерінің өзара ұзақ мерзімді берешектерін біртіндеп өтеу туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы 4-маусымда "Қазақстан Темір Жолы " (ҚТЖ) ЖАҚ Ұлттық Компаниясының вице-президенті Жанат Сатыбалдина журналистерге хабарлады.

  • 4 Маусым 2003
  • 949
Фото - Caravan.kz

Жанат Сатыбалдинаның айтуынша, берешек мәселесі бүгінгі таңда халықаралық бағыттарда жолаушы тасымалдайтын поездардың жүріс-тұрысына бөгет келтіретін аса өзекті проблемалардың біріне айналып отыр.

Кеңеске қатысушы теміржол әкімшіліктерінің ҚТЖ ЖАҚ Ұлттық Компаниясына ұзақ мерзімді берешегі бүгінде 40 миллион швейцар франкын құрап отыр. Ал ҚТЖ-ның басқалар алдында мұндай берешегі жоқ.
2003-жылы жүргізілген ТМД теміржолдарындағы жүк вагондары санағының қорытындысы бойынша жүк вагондарының тозу деңгейі 68 процентті, ал жолаушы тасымалдайтын вагондардың тозу көрсеткіші 60 процентті құраған.
Кеңеске қатысушылардың пікірінше бұл — жолдардағы жылжымалы паркті жедел жаңалап, салаға ірі инвестиция салуды талап ететін ахуал .
Сонымен бірге көлік қозғалысының жаңа кестесі, жүк поездары мен контейнерлі вагондарды қалыптастыру жоспары, халықаралық бағыттардағы вагондар легін реттеудің 2003-2004-жылғы тәртібі бекітілді.
Вагон паркін түгендеу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің жобасы мен төтенше жағдайлардың залал-зардабын жоюдың біріккен тәртібі бекітіліп, мемлекетаралық теміржол өткелектерінің жұмысы сарапталды.
Отырыста сондай-ақ, халықаралық жолаушы тасымалдайтын отарбаларға «Фирмалық» деген категория берудің ортақ тәртіп-ережелері , «Фирмалық поездар туралы» тәртіпке өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі, жолсеріктерді аттестациялау тәртібі мен халықаралық категориялы отарбалардағы шуыл мен жарық деңгейін міндетті түрде тексеру ережесі қаралып бекітілді.
Кеңеске қатысушылардың мәліметіне жүгінсек, 2003-жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша ТМД теміржолдарында жаппай тасымал көлемі ұлғайып келеді. ТМД теміржолдарындағы осы кезеңдегі жүк тасымалдау көлемі 581 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8,5 процент артық.
Теміржол әкімшіліктерінің жұмыс көрсеткіштері де біршама жақсарды.
Жолаушы тасымалдаушы отарбалардың қозғалыс кестесінің орындалу деңгейі 98,7-99,7 процентті құрады.

Соңғы жаңалықтар