Жарияланды: 780

ТМД елдеріндегі жалпы жұмыссыздар саны 11 миллионнан артты

Еңбекпен қамту қызметтерінің көмегіне жүгінбей , өз бетімен жұмыс іздеп жүргендерді ескергенде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес ондай адамдар жұмыссыздар қатарына жатады), ТМД елдеріндегі жалпы жұмыссыздар саны 11 миллион адамға жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің ақпаратына сүйенсек, еңбекпен қамту қызметтерінде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2003-жылғы сәуір айындағы жағдаймен 3,4 миллион адамға жетті, соның ішінде Әзербайжанда - 52,3 мың, Арменияда - 127,7 мың, Беларусьте - 146,5 мың, Грузияда - 41,3 мың, Қазақстанда - 191,6 мың, Қырғызстанда - 61,3 мың, Молдовада - 33,4 мың, Ресейде - 1 млн. 633,3 мың, Тәжікстанда (наурыздың соңы) - 46,6 мың, Украинада - 1 млн. 107,3 мың адамды құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть