Жарияланды: 650

ТМД елдерінің миграциялық органдарының кеңесі еңбеккер мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасын бекітті

Бішкек. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда өткен ТМД елдерінің миграциялық органдары кеңесінің төртінші отырысында еңбеккер мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның көші-қон және жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыстың он бес бөлімнен тұратын күн тәртібінде аталған құжатты қарау басты мәселенің бірі болды. Конвенцияның жобасын Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Тәжікстанның көші-қон органдарының басшылары мақұлдады. Әзербайжан қалыс қалды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть