Жарияланды: 530

ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының бір топ өкілдері Грузия - Оңтүстік Осетия қақтығысы аймағына барады

Алмады. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының бір топ өкілдері бүгін Грузия - Оңтүстік Осетия қақтығысы аймағына аттанады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ТМД ПАА баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өкілдер тобы ол жерде қалыптасқан жағдайды зерттеу үшін ТМД ПАА Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновтың қаулысына сәйкес аттанады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бірқатар Достастық елдерінің парламенттік тобының құрамына енетіндер босқындардың орналасқан жерлерінде, госпитальдарда болып, зардап шегушілерге гуманитарлық көмек ұсынуға ықпал ету және ТМД ПАА мүшелерін объективті тұрғыдан хабарландыру мақсатында қақтығыс өңіріндегі жағдайды сараптамадан өткізеді. Ресейдің баспасөз құралдарының хабарлауынша, бұл топтың қатарына Ресей Федерациясының, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Белоруссияның өкілдері кіреді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін