ТМД елдерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының үшінші форумы Душанбеде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің  шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының үшінші форумы Душанбеде өтеді

ТМД елдерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының үшінші форумы Душанбеде өтеді

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының үшінші форумы Душанбеде өтеді. Бұл туралы Астанада өткен екінші форумның қорытынды отырысында айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2007
  • 543
Фото - Caravan.kz



Шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның үшінші форумын тәжік-парсы классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Рудакидің 1150 жылдығына орайластырып Душанбеде өткізу жөнінде тәжік делегациясы тарапынан жасалған ұсыныс форумның қаулысы бойынша қабылданды.

Қатысушылардың пікірінше, келер жылы «ұлттық әдебиеттің дамуы туралы тақырыптар қозғалып, аудармалар жасауға қолғабыс жасалу керек.

Форумда «ТМД үкімет басшылары кеңесіне қатысушыларын ТМД гуманитарлық ықпалдастық тақырыбына арналған жылдар өткізу және «2008 жылды ұлттық әдебиет пен ТМД оқулары жылы деп жариялау» туралы мәселені қарастыру туралы өтініштер айтылды.
Сондай-ақ ғылым мен білім, әдебиет, өнер гуманитарлық қызмет саласында ТМД-ның «Достастық жұлдыздары» атты сыйлығын тағайындау туралы шешім шығарылды.

Қорытынды отырысында форумға қатысушылары форум жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан жағына алғыстарын білдірді.