Оның айтуынша, сайлау комиссиялары жұмысының алғашқы сағаттары, жалпы дауыс беруге дайындық жұмыстары Павлодар облысында жоғары деңгейде өтуде. «Халықаралық байқаушыларға да, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушыларына дауыс берудің барлық кезеңдері мен жалпы процестің өзін қадағалауға толық мүмкіндік берілген», — деді ол.
Игорь Коротковпен бірге бүгін Павлодар облысының сайлау учаскелерінде ТМД елдерінен тағы да 13 байқаушы жұмыс істеуде. И. Коротковтың айтуынша, сенбі күні олардың бәрі де бес-алты учаскеде дауыс беру процессін қадағалай алады. Павлодармен қатар облыстың аудандық орталықтары да назар шоғырланатын нысандарға айналмақ. Жұмыстардың жалпы қорытындысы кешке Астанаға ТМД елдерінен келген халықаралық байқаушылар миссиясының республикалық штабына жіберіледі.
И.Коротковтың айтуынша, ТМД елдерінен келген халықаралық байқаушылар миссиясының байқаушылары — өз әріптестері үшін Қазақстанның сайлау заңнамасына енгізілген жаңа өзгерістердің іс жүзінде қалай жұмыс істеп жатқандығы аса қызығушылық тудыруда.
ТМД елдері байқаушыларының ақпаратына және облыстық сайлау комиссиясының мәліметтіне сәйкес, қазіргі жағдаймен Павлодар облысында сайлау заңнамасын бұзу оқиғасы тіркелген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті