ТМД саммитіне қатысушылары Достастықты реформалау туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД саммитіне қатысушылары Достастықты реформалау  туралы шешім қабылдады

ТМД саммитіне қатысушылары Достастықты реформалау туралы шешім қабылдады

АСТАНА. 29 қараша . Kazakhstan Today. ТМД-ға қатысушы мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісінде Достастықты реформалау жөнінде шешім қабылданды. Бұл жөнінде ТМД төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше саммит соңынан өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

  • 29 Қараша 2006
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі саммит ТМД болашағын бүге шүгесіне дейін қарауға мүмкіндік берді. Мәжілістің күн тәртібінде , әдеттегідей , маңызды мәселелер аз болған жоқ, алайда, мен төраға ретінде өз құқығымды пайдаланып, ТМД-ны реформалау туралы мәселені соңына дейін қарастыруды ұсындым»,-деді президент. » ТМД ықпалын күшейтіп, біздің ынтымақтастығымызға жаңа екпін, тың серпін беру қажет деген ортақ пікірге келдік.Қазақстан реформалау процессіне байланысты өз ойын ұсынды. Талқылау нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданды»,-деді

Н.Назарбаев.

Президент баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің саммит қортындысы бойынша 2007 жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде Достастық мемлекеттерінің ұсыныстары мен баяндамалары негізінде ТМД қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындау үшін мемлекетаралық жұмыс тобын құру тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті