Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Азаматтық авиацияны дамытудың басты бағыттары мен ТМД-ға қатысушы елдердегі ұшулар қауіпсіздігін арттыру шаралары» атты баяндамада Достастық мемлекеттерінде азаматтық авиацияны дамытудың қыр-сырлары мен мемлекеттердің оны дамыту перспективалары мен Достастық аумағында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты келісілген көзқарастары айқындалады.
«2001 — 2006 жылдарда барлық ТМД елдерінде Жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуі байқалды, ішкі және сыртқы транспорттық-экономикалық байланыста рмен халықтың барыс-келісі жандана бастады, бұл әуе тасымалы көлемінің артуына ықпалын тигізіп, тиісінше авитранспорттық кәсіпорындардың кірісі өсе бастады. Азаматтық авиацияға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау ауқымы да арта түсті», — деп хабарлайды ТМД Атқару комитетіндегілер.
«Болжамға сәйкес, барлық ТМД мемлекеттерінде азаматтық авиация атқаратын тасымалға деген сұраныс көлемі артады деп күтілуде, осыған байланысты бұл саладағы ахуал біршама түзеліп, даму өзектілігі арта түспек», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ТМД-ға қатысушы елдердің азаматтық авиациясының орта мерзімдік перспективадағы дамуы ТМД-ға қатысушы елдер арасында қауіпсіз әрі экономикалық жағынан тиімді әуе қарым-қатынасын қамтамасыз ету саласындағы бірнеше маңызды мақсаттың шешілуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл мақсаттар атап айтсақ, Достастық елдері аясында авиациялық жолаушы және жүк тасымалының рационалды сұранысына сай келетін көлемді қамтамасыз ету мен ТМД елдерінің авиатранспорттық жүйесінің халықаралық жолаушы және жүк тасымалына атсалысу аясын кеңейтуге саяды.
Орта мерзімдік перспективадағы мақсаттарға ТМД-ға қатысушы елдерге бұйырған қолайлы жағрафиялық орналасу жайы берген мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану жатқызылған. Ол үшін Достастық елдері авиациясының әлемдік авитранспорттық қызмет нарығындағы бәсекелестік қабілетін көтеру қажет, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіндегілер.
«Осы орайда әуе қатынастарының қауіпсіздігін, тиімділігі мен үнемділігін арттыру мәселелерінің өзектілігі арта түсуде. Бұл мәселелерді шешу азаматтық авиацияның өндірістік және сауда саласындағы байланыстарды дамыту мен халықтың жүріп-тұру жиілігін көтеруге тигізетін ынталандырушы ықпалын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Аталған шараларды жүзеге асыру ТМД-ға қатысушы елдердегі әуе қатынастарының қауіпсіздігін, үнемділігі мен тиімділігін көтеруге, азаматтық авиацияның қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтуға мүмкіндік береді», -деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті