«Келісімді қабылдау электр энергетикалық жүйелердің біруақытта жұмыс істеуінің техникалық және экономикалық артықшылықтарын пайдалануға, сондай-ақ, ТМД елдерінің электр энергетикалық нарығының аясын кеңейту және оның аяғынан тұруына септігін тигізеді», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Келісімге қол қою «электр қуатын декларациялаудың біртұтас тәртіптері мен мерзімін, жіберілген электр қуатынның балансы жасалатын біртұтас есептеу кезеңін белгілеуге мүмкіндік береді».
Сонымен бірге бұл ТМД елдерінің экспорттық мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдалануға мүмкіндік беріп, ТМД елдерінің электр энергетикасы ұйымдары, кедендік органдары мен сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты оперативті әрі жеңілдікпен ұйымдастыруға септігін тигізеді, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті