ТМД-ға мүше елдер саудадағы кедергілерді жою жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссиядан сұрау жасай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ға мүше елдер саудадағы кедергілерді жою жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссиядан сұрау жасай алады

ТМД-ға мүше елдер саудадағы кедергілерді жою жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссиядан сұрау жасай алады

 Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. 

  • 28 Қаңтар 2015
  • 774
Фото - Caravan.kz

Аталған келісім 2012 жылы Мәскеуде жасалған. Құжат Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, ТМД елдері өнімдерінің Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына шығуын жеңілдетуге, өзара сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Бұдан бөлек, келісімде Кеден одағына мүше болып табылмайтын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Кеден одағының техникалық регламенттеріне қосылуының тәртібі мен шарттары айқындалады. 

«Келісімге сәйкес, ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекет Еуразиялық экономикалық комиссияға өнімнің белгілі бір түрлеріне қатысты өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы сұрау жіберуге құқылы. Комиссия осы сұраудың негізінде Кеден одағының техникалық регламенттерінің тізбесін белгілейді, олар сұрау салуда айқындалған өнім түрлеріне қолданылатын болады. Сондай-ақ, көрсетілген техникалық регламенттерді қолдану үшін қажетті комиссия шешімдерінің тізбесін анықтап, оларды мүдделі мемлекеттің назарына жеткізеді», — дейді Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау. 

Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.