ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы Достастық елдері Қарулы күштерінің 2004-жылғы бірлескен дайындық жоспарын қарады. - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы Достастық елдері Қарулы күштерінің 2004-жылғы бірлескен дайындық жоспарын қарады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы Достастық елдері Қарулы күштерінің 2004-жылғы бірлескен дайындық жоспарын қарады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің бүгін, 9-маусымда Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен отырысы Достастық елдері Қарулы күштерінің 2004-жылғы бірлескен дайындық жоспарын қарады.

  • 10 Маусым 2003
  • 506
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен бүгін таратқан хабарламада айтылған.

Отырыста әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери мамандарды дайындау, Қорғаныс министрлері Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтсақ, ТМД Қорғаныс министрлері Кеңесінің «Ташкент келісіміне мүше мемлекеттердің әуе кеңістігінде әскери ұшақтардың ұшу тәртібі » туралы шешіміне өзгерту енгізу, ТМД елдері әуе қорғаныс күштерінің әскери ұшақтарының қатысуымен «Жауынгерлік ынтымақтастық-2003» оқу-жаттығуларын өткізу тәрізді мәселелер талқыланды. Отырыс аясында Қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысушылар лаңкестік әрекеттердің алдын алу бағытында өзара келісілген шаралар өткізудің маңызына назар аударды.
Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы 11-маусымға дейін жалғасып, 10-маусымда оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар