Жарияланды: 450

ТМД-ның Оңтүстік Осетия секілді қақтығыстарға араласуына мүмкіндік беретін тетіктері мен механизмдері жоқ - Назарбаев

Шолпан-Ата. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ТМД-ның Оңтүстік Осетия секілді қақтығыстарға араласуына мүмкіндік беретін тетіктері мен механизмдері жоқ. Бұл туралы Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездесу қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ТМД мүше кейбір мемлекеттердің күш салуының арқасында біздің Достастығымыз көбікке айналды. Бұл достастықтың Оңтүстік Осетия секілді қақтығыстарға араласуына мүмкіндік беретін тетіктері мен механизмдері жоқ. Ал бір нәрсе бола қалса, барлығы ТМД елдерінің неге үнсіз жатқандығын сұрайды", - деді Н. Назарбаев. Оның айтуынша, ТМД сыртқы істер министрлері жағдайды талқылап мемлекет басшыларына өз бағалары мен болашаққа деген ұсыныстарын ұсынулары қажет. "Болашақта біз мұндай қантөгіске жол бермейміз. Сондықтан, біздің ұсынысымыз мынадай: біздің мемлекеттердің сыртқы істер министрлері жағдайды бағалау үшін жиналулары керек. Мәселен, қазіргі таңда Таулы Қарабах пен Приднестровьедегі, енді міне, Оңтүстік Осетиядағы қақтығыстар шешілмей қалып отыр", - деді мемлекет басшысы. "Кез-келген мемлекеттің аумақтық тұтастығын бүкіл әлем қоғамдастығы мойындаған. ТМД мемлекеттерінің барлығы да сепаратизмге қарсы және осы секілді күрделі ұлтаралық мәселелер бейбіт келіссөздер арқылы шешілуі тиіс. Мұндай даулар әскери жолмен шешілмейді", - деді Н. Назарбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін