«Біздің кездесуіміздің басты тақырыптарының бірі гуманитарлық байланыстардың, оның ішінде жан-жақты сипаттағы гуманитарлық байланыстардың кеңеюі болды», — деді В. Путин тілшілерді Н. Назарбаевпен болған кездесу барысымен таныстыра отырып. «Атап айтатыны, соңғы кездері бұл саладағы жұмыстар бұрынғыдан да серпінді және мазмұнды бола түсуде»,- деп атап көрсетті ол.
«Биылғы жылдың наурыз айында Алматыда ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы бойынша бірінші отырысы болып өтті. Сонымен қатар, Қазақстанда Достастық елдерінің шығармашылық және ғылым саласы зиялыларының екінші форумын өткізу жоспарланып отыр», — деп атап көрсетті президент.
«Біз Қазақстан президентімен мәдени, ғылыми, спорттық және жастар алмасуына бағытталған бастамалардың мемлекет деңгейінде қолдауға лайық деген мәселеде ойымыз бір жерден шығады», — деп сөзін түйді В. Путин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті