Төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлы қайтыс болды

Төбелес кезінде Дулат Ағаділдің ұлы қайтыс болды

Нұр-Сұлтанда марқұм Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы Жанболат Ағаділ қаза тапты.

  • 11 Қараша 2020
  • 2000
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq.org порталына сілтеме жасап хабарлайды.

10 қарашада түнгі сағат 23.00 шамасында Нұр-Сұлтан маңындағы Көктал шағын ауданында азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шәуленова хабарлады.

Төбелестің неден шыққаны белгісіз. Ресми хабарламада "жастар арасында кикілжің болып, төбелеске ұласқаны" айтылған. Соның салдарынан екі адам жарақаттанған.

"Жарақаттанғандардың бірі 17 жастағы Ж.Ағаділ пышақталған, жедел жәрдем көлігі келгеннен кейін жарақаттан көз жұмған" делінген хабарламада.


Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бап 2-бөлігі ("Адам өлтіру") және 293-бап 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар