Жарияланды: 620

"Той өтпей қалған": Отандық қос журналист тікелей эфирде үйлену тойын өткізді

"Той өтпей қалған": Отандық қос журналист тікелей эфирде үйлену тойын өткізді

Ерлі-зайыпты журналист Әсем Изатқызы мен Ғалым Кәлменнің үйлену тойы тікелей эфирде өтті. Олар 6 жыл бұрын отау құрса да тойлары болмапты. Соның есесін ерекше жолмен енді толтырды.

Қос журналистің тойы Еуразия арнасының "Пендеміз ғой" бағдарламасында өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жас жұбайларды әйгілі"Той жырының" авторлары Дос-Мұқасан тобының мүшелері және Қанат, Света Айтабаевтар қарсы алды.

"Бір әйелге екінші рет үйленген Төреғалиден кейінгі мен шығармын. Менің жарымды осындай ұлы тұлғалардың қасымда түрегеп тұрып қарсы алғаы мен үшін үлкен мәртебе", - деді Ғалым Кәлмен.

Ақ күйлек киіп, қалыңдық атанған Әсем Изатқызы көзіне жас алып, көңіл-күйін жасыра алмады.

"Мен үшін тосынсый болды. Сіздерге алғысымды білдіремін. Бүкіл қазақ елі алдында ақ көйлек киіп шыққанымның өзі мен үшін бақ", - деді Изатқызы.

Тойдың үзіндісі инстаграмда qaz.stars  парақшасында шықты.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @qaz.stars

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін