Той жағалап асаба болып жүрген әртістердің аймақтарға баруы заңмен міндеттелуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Той жағалап асаба болып жүрген әртістердің аймақтарға баруы  заңмен міндеттелуі мүмкін

Той жағалап асаба болып жүрген әртістердің аймақтарға баруы заңмен міндеттелуі мүмкін

Еліміздің атақты театр сыншысы әртістердің облыстарға барып жұмыс істеуін міндеттеуді сұрап, депутаттарға мұңын шақты. Актерлардың аймақтарда кемі 2 жыл қызмет етуін тіпті заңмен бекітуді ұсынды. Өйткені, мемлекеттік театрда істейтін  жастар өнерді асабалықпен шатастырып, жаппай той жағалап кеткен.

  • 31 Қазан 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz

Әшірбек Сығай, театр сыншысы:

-Барлығы асаба. Телеведение радиода жүр бәрі. Рахат, жылы жер. Астана мен Алматыдан шықпайды. Сонда кім барады Атырауға? Қызылорда мен Маңғыстаудың халқы адам емес па? Сондағы жұрт өнерден қашан ләззат алады?  Бояуынан нақышынан. 

Бұған өкініш білдірген Әшірбек Сығай Мәжіліске бірнеше ұсыныспен келіпті. Ол депутаттардан мектептер мен университеттерге «Қазақстан өнері » деген пән енгізуді сұрады. Себебі, ғаламторға шырмалған қазіргі ұрпақ қазақ өнерінің қаймақтарын білмей өсіп келеді. Оның үстіне жастардың арасында өмірі  театрға бас сұқпағандар көп. Театр демекші, бұл салада маман да тапшы. Ал опера театрлары шетелдің қойылымдарын сахналаумен жүр. 11 жылдан бері ұлттық опера қойылмаған. Осындай өнерді жайлаған бейберекетсіздік халық қалаулыларының шамына тисе керек, бірден Мәдениет министрлігіне шүйлікті.


Гүлнар Сейітмағамбетова, Мәжіліс депутаты:

-23 жыл бойы, бір режиссер, балетмейстер, драматург, дайындамаған министрліктің қажеті бар ма? Комитет деңгейінде қалдырған дұрыс шығар онда. Мәдениет министрлігі неге ұсынбайды? Мамандарын неге «Болашақ» бағдарламасымен дайындамайды? Жылайтын күйінетін жағдайда отырмыз.