КТК көрермендерінің тарихи тұлғаның әуезді дауысын көгілдір экраннан тағы да бір мәрте тыңдауға мүмкіндігі бар. Тойдың көркін әріптесіміз Дина Төлепберген де қыздыра түспек. Танымал тілші бұл күні бұзақыларға тойтарыс берудің, яғни төбелестің сан түрлі тәсілдерін үйретеді. Той қонақтары, сондай-ақ, «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевқа жабылып, келін таңдайтын болады. Ендеше, аптаның нағыз қызығын жіберіп алмаңыз. Ертең кешкі 19.45-те КТК арнасынан «Тойbeststar»-ды тамашалаңыз!