Тойға 1 млн теңгеге шығамын - Салтанат Бақаева - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тойға 1 млн теңгеге шығамын - Салтанат Бақаева

Тойға 1 млн теңгеге шығамын - Салтанат Бақаева

Әнші, актриса Салтанат Бақаева тойға қандай гонорар сұрайтынын айтты.

  • 20 Қазан 2023
  • 210
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Шүкір, ризығым тойдан, қыз ұзатудан келіп жатқаны рас. Ол да кездейсоқ шыққан дүние. Әдейі қыздарды ұзатуға ән жазайыншы деген оймен жазылмаған. Өзімнің құрбым тұрмысқа шығып жатты. Сол тойға Нұржан бара алмай қалды. Мен жалғыз болсам да халық ән сұрайды ғой, жеке ән жазайын деп ойладым. Сол мақсатпен өзімнің досым, композитор Ерхан Алданазаровқа бардым.1 аптаның ішінде "Әгугай құрбым" әнін жазып берді. Толықтай тегін келген дүние. Заңды түрде бұл ән менікі, менің атымда. Осылай шыққан ән, көрерменнің көңілінен шығып кетті", — дейді әнші. 

Қыз ұзату тойларында сұранысқа ие әнші той мен кинодан алатын гонорарын да жасырмады.

"Тойға 1 миллион теңгеге шығамын, ал актриса ретінде киноға түсетін болсам, 1 күні 150 мың теңге. Бұл орташа баға", — дейді Салтанат Бақаева. 

 

 

Соңғы жаңалықтар