Токио Олимпиадасына қатысушылар арасында COVID-19 жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Токио Олимпиадасына қатысушылар арасында COVID-19 жұқтырудың  алғашқы оқиғасы тіркелді

Токио Олимпиадасына қатысушылар арасында COVID-19 жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді

Токио қаласындағы Олимпиадаға қатысушылар арасында коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді.

  • 21 Маусым 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Уганда елінің бокстан олимпиада құрамасының мүшесі Токиодағы ойындарға келетін спортшыларды міндетті тексеру аясында COVID-19 вирусына тест тапсырып, нәтижесі оң болып шықты. Бұл вирустың шетелдік командадан анықталған бірінші оқиға екені атап өтілуде.

Екі рет тест тапсырып, екеуі де оң болып шыққан угандалық спортшы оқшауланды. Уганданың Олимпиадаға қатысатын барлық тоғыз спортшысына бұған дейін AstraZeneca вкцинасы салынғаны және ұшақ бортына отырмас бұрын ПТР-тестілерін тапсырып, олардың теріс болғаны хабарланып отыр.