Топ-модель Руслана Коршунова өзін-өзі өлтірді - Нью-Йорк полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Топ-модель Руслана Коршунова өзін-өзі өлтірді - Нью-Йорк полициясы

Топ-модель Руслана Коршунова өзін-өзі өлтірді - Нью-Йорк полициясы

Алматы. 30-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Топ-модель Руслана Коршунова өзін-өзі өлтірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

  • 30 Маусым 2008
  • 519
Фото - Caravan.kz

«Нью-Йорк полициясы модель қыз Руслана Коршунованың өлімі өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан болғанын ресми түрде растады. Associated Press хабарына сәйкес, Нью-Йорк полициясының басқармасы сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша тиісті мәлімдемені жария етті», — деп хабарлайды агенттік.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Нью-Йоркте Қазақстанның белгілі топ-моделі Руслана Коршунова қайтыс болды.

РБК хабарламасына сүйенсек, Vogue атты еуропалық белгілі сән журналының бет-бейнесі болған Р. Коршунова Манхэттендегі ғимараттың 9 қабатынан құлап түскен.

«Қайғылы оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Алайда, полиция 20 жастағы модель өзін-өзі өлтірді деп болжам жасап отыр. Қыздың денесінде ешқандай соққы іздері байқалмаған», — деп көрсетілген РБК хабарламасында.

Сол арада бірқатар батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыздың достары оның өзін-өзі өлтіруге ешқандай себебі болмағанын мәлімдеген.

«Алғаш рет марқұм 2003 жылы көзге түскен. Сол кезде Models 1 сән агенттігінің аға агенті Дебби Джонс Алматы туралы мақаласында Р. Коршунованың фотсуретін атап өткен», — деп хабарлайды РБК.

«2005 жылы 17 жастағы бойжеткен Нью-Йорктегі сән апталығының басты жаңалығы болған. Содан кейін-ақ оның тасы өрге домалай бастаған», — деп түсіндіреді ақпарат агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті