Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", — делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.