Тоқаев Лакшми Митталды қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төлеуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Лакшми Митталды қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төлеуге шақырды

Тоқаев Лакшми Митталды қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төлеуге шақырды

 

  • 23 Ақпан 2022
  • 541
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал" компаниясының басқарма төрағасы — бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізіп, қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лакшми Миттал "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселені талқылады.

Президентке компанияның инвестициялық бағдарламасы және өндірісті ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ Қазақстанмен алдағы уақыттағы серіктестік аясында әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ құрал-жабдықтарды жаңарту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етудің, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және қызметкерлерді оқытудың аса маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты.


Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 2024 жылға қарай қалдықтарды 30 пайызға, ал 2030 жылға қарай 50 пайызға азайту, сондай-ақ осы стратегияны іске асыруға Қарағанды облысының жұртшылығын тарту үшін қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылды

Соңғы жаңалықтар