Қытай тарапының бастамасымен "Орталық Азия — ҚХР" онлайн саммиті басталды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай өтетін саммитке қатысады. Іс-шара онлайн форматта өтеді.
Мемлекет көшбасшылары Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы түрлі саладағы көпқырлы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылайды деп жоспарланып отыр.
Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастар орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеме қабылданады.