Жарияланды: 30

Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Тоқаев мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

"Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Отбасы күні мерекесі 2013 жылы бекітілді. Содан бері мейрам жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісі аталып өтеді. Биыл бұл айтулы дата 12 қыркүйекке түсіп тұр.

Отбасы құндылығын сақтап, дәріптеу мақсатында жыл сайын "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы өтеді. Оның мақсаты – отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Жыл сайынғы байқауда республика бойынша 17 үздік отбасы анықталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін