Тоқаев Трамп пен әйеліне сауығып кетуді тіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Трамп пен әйеліне сауығып кетуді тіледі

Тоқаев Трамп пен әйеліне сауығып кетуді тіледі

АҚШ президенті Дональд Трамп өзі және әйелінің коронавирус жұқтырғанын Twitter-де хабарлады, қазір олар оқшауланды.

  • 2 Қазан 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйеліне коронавирустан жазылып кетуді тіледі.

Бұл туралы Қазақстан президенті әлеуметтік желіде жазды.

"Президент Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне шын көңілден тілектестік білдіремін", — деді Тоқаев Twitter-де.

2 қазан күні Дональд Трамп өзі және әйелі Мелания коронавирус жұқтырғанын хабарлады. АҚШ президенті жұбайымен бірге оқшауланып, карантинге кетті.


Соңғы деректер бойынша АҚШ-та 7 миллионнан астам адам індетке шалдыққан. 208 мың науқас қайтыс болды.