Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, Ұлы дала баласы 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, Ұлы дала баласы 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, Ұлы дала баласы 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ұшақ бортына билетсіз кіріп кеткен Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік. Кінәсі дәлелденсе, Ұлы дала баласы 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 2 миллион теңге айыппұл төлеуі керек. Алайда заңгерлердің айтуынша, Төреғали жазадан сытылып кетуі мүмкін, егер бұл қадамға амалсыз барса…

  • 16 Қазан 2018
  • 49612
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Заңгерлердің тілінде қылмысқа амалсыздан барды деген түсінік бар. Әрине, адам заңды бұзбауы тиіс. Ал, егер жақыны хәл үстінде болса, мемлекеттік шегарадан да атап кетуге тура келеді. Адам өліміне жол бермес үшін осындай қадамға бару-қажеттілік деп саналады. Мұндайдан қылмыстық жауапкершіліктен босатылады”, – дейді заңгер Сергей Уткин.

Әнші Төреғали Төреәліге қатысты бұл оқиға 13 қыркүйекте Алматы халықаралық әуежайында болған. «Эйр Астана» борты Гонконгқа ұшуға дайындалып жатқанда, экипаж мүшелері оның ұшақтан түсіп бара жатқанын байқайды. Билетсіз жолаушыны көрген соң жолсеріктер жолаушыларды қайта сүзгіден өткізіп, рейс кешігіп ұшады. Кейбір ақпарат құралдары әнші науқас баласын шығарып салған деп жазады. Ал, ұшу алаңына жолаушы жібергендер 
айыппұл төледі.

Еске сала кетейік, күні кеше Төреғали қазақтың мінезсіз ұлтқа айналып бара жатқанын айтып, күйінген еді.

Соңғы жаңалықтар