Төрт бұзақы жабылып ұрған: Талғарда ер азаматты тепкінің астына алып, оны ұрлап әкеткен сәт видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт бұзақы жабылып ұрған: Талғарда ер азаматты тепкінің астына алып, оны ұрлап әкеткен сәт видеоға түсіп қалды

Төрт бұзақы жабылып ұрған: Талғарда ер азаматты тепкінің астына алып, оны ұрлап әкеткен сәт видеоға түсіп қалды

Алматы облысында ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын төрт жабылып ұрып, артынша көлікке салып әкеткені түсірілген видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

  • 20 Маусым 2021
  • 147
Фото - Caravan.kz

Оқиға 17 маусымда Талғар қаласындағы Рысқұлов көшесінде орын алған. Желіде таралған видеода төрт адамның көліктен шығып, жолда тұрған азаматты тепкінің астына алғаны байқалады.

37 жастағы тұрғын Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда оқиға бойынша "Бірнеше адамнан тұратын топтың бұзақылық әрекеті" бабы бойынша іс тіркелген. Күдіктілерді қолға түсіру мақсатында арнайы шаралар жүргізілуде.

Желіде таралған жазбаға сенсек, соққыға жығылған азамат жаттықтырушы көрінеді. Бұзақылар оны көлікке салып, қаланың сыртына алып барып, тағы да ұрып соққан.


Жәбірленушінің туыстары оны Талғардың ауруханасынан Алматыға жеткізген.