Төрт қазақстандық шетелдегі террористік қызметті қаржыландырып отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төрт қазақстандық шетелдегі террористік қызметті қаржыландырып отырған

Төрт қазақстандық шетелдегі террористік қызметті қаржыландырып отырған

2013 жылы қаржы полициясы органдары радикалды діни ағымдардың өкілдеріне және олармен

  • 4 Ақпан 2014
  • 396
Фото - Caravan.kz


сыбайлас тұлғаларға қатысты экономикалық және қаржылық қылмыстарды жасау фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғады, олардың 50-і қарау үшін сотқа жолданды. Бұл туралы Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оған қоса, аталған кезеңде терроризм мен экстремизмді қаржыландыру фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды.
Мамандардың айтуынша, бұл жұмыс ағымдағы жылы жандана түскен. Мәселен, 2014 жылғы 16 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті 2012-2013 жылдары жалпы мөлшері 600 мыңнан астам теңгені шетелге аудару арқылы террористік қызметті қаржыландырған 3 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ, 31 қаңтарда Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Ж. деген азаматқа қатысты терроризмді қаржыландыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған банктік аударым арқылы 2 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты шетелге жіберу жолымен халықаралық террористік ұйымды қаржыландырды деген күдік тағылуда.
Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.