"Төрт рет оқ аттым": Алматы облысында тойда оқ атылды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Төрт рет оқ аттым": Алматы облысында тойда оқ атылды (ВИДЕО)

"Төрт рет оқ аттым": Алматы облысында тойда оқ атылды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде қонақтың бірі төбеге қарата тапаншамен оқ атқан үйлену тойының видеосы пайда болды.

  • 7 Маусым 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz порталы zakon.kz.-ке сілтеме жасап хабарлады.

Тексере келгенде бұл оқиға Алматы облысында болғандығы белгілі болды. Қонақ ашуланбаған, керісінше қуанғанынан оқ атқан.

Полиция видеоға қызығушылық танытып, 26 жастағы алматылықтың жарық пен шуылдақ дыбыс шығаратын тапаншадан оқ атқанын анықтады.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Белгі беруге арналған тапанша тәркіленіп, оған сараптама тағайындалады, деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Той ұйымдастырушысы мен мейрамхана әкімшілігі де тексеріліп жатыр.

Ұсталған адам камера алдында көпшілік алдында кешірім сұрап, мұндай жайт енді қайталанбайтындығына уәде берді.

 

Соңғы жаңалықтар