"Төртінші жүзді енгізіп, басқа ұлттарды ру ретінде қазақ қатарына қосу керек" - саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Төртінші жүзді енгізіп, басқа ұлттарды ру ретінде қазақ қатарына қосу керек" - саясаттанушы

"Төртінші жүзді енгізіп, басқа ұлттарды ру ретінде қазақ қатарына қосу керек" - саясаттанушы

Ресейден оралған этникалық қазақ, саясаттанушы Аман Мәмбетәлі басқа ұлттарды төртінші жүз етіп қосу керек екенін айтты.

  • 26 Ақпан
  • 70
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "NE BOLDY" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бізге қазірден бастап төртінші жүз дегенді ойластыру керек. Себебі, қазақ елінде ұлты қазақ емес ұлттар көп. Олар ешқайда көшпейді, оны ашық түрде айту керек. Олар Қазақстанға сіңіп кетті. Менің баламмен бірге орыстың баласы оқиды. Оның менталитеті қазақи, орыстың менталитеті қандай екенін мен білемін, Ресейде тұрған адаммын. Біз сұраққа қазір жауап бермесек, оған басқа біреу жауап береді. Ресейдің орысымен, қазақтың орыс бірден байқалады. Олардың ұлты бірдей болғанымен, менталиттері бөлек. Жақында әлеуметтік желілерден көріп қалдым. Американың азаматы, "мен американдықпын, руым шотландық" дейді. Негізі Шотландияның адамы ғой, бірақ әдемі айтылды. Осымен біз идентификация, сепаратизм, сама идентификация, осознание мәселелерін осы жерден алып тастаймыз. Сондай-ақ комплекс те кетіп қалады. Ешкім, ешкімге ренжімейді. Бұл бір толқын кеткеннен кейін шешіліп кететін нәрсе деп ойлаймын", — деді саясаттанушы.

 

Соңғы жаңалықтар