Жарияланды: 430

Трансазиялық форумды өткізу - парламентаризмнің дүниежүзіндегі маңызын тағы бір дәлелдейді - ҚР мемлекеттік хатшысы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Трансазиялық парламенттік форумын өткізу - парламентаризмнің дүниежүзіндегі, соның ішінде Қазақстандағы маңызын тағы бір дәлелдейді.

Осындай пікірді Алматыда өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Трансазиялық парламенттік форумы аясында ҚР сыртқы істер министрі әрі мемлекеттік хатшы Қасымжомарт Тоқаев KZ-today тілшісіне берген сұхбатында ортаға салды. "Мемлекет тарапынан жүргізіп отырған саясатқа сәйкес біз халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен де табысты байланыстар орнаттық",- деп атап көрсеткен Қ.Тоқаев осы орайда : "әрине, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан Қазақстан басшылығына біршама қатқыл нұсқаулар берілетін жағдай шынымен де кездеседі. Бірақ ол біздің атымызға айтылған сын емес, нұсқау деп санаймыз",- деді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас ахуалына түсініктеме берген мемлекеттік хатшы былай деп пікір бөлісті : " Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Қазақстан өзара пікір алмасып отыруы тиіс. Қазақстан аталмыш ұйымның толыққанды мүшесі болып табылады. Қазір ұйым тарапынан Қазақстанға айтылатын сын азая түсуде. Әрі біз ондай сындар ізгі ниеттен туындап отыр деп санаймыз".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть