"Түк жұмыс жасамаса да айына карталарына 400-500 мың теңге түсіп тұрады" Оқырман 5-6 айда джип мінетін ахилер туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түк жұмыс жасамаса да айына карталарына 400-500 мың теңге түсіп тұрады" Оқырман 5-6 айда джип мінетін ахилер туралы айтты

"Түк жұмыс жасамаса да айына карталарына 400-500 мың теңге түсіп тұрады" Оқырман 5-6 айда джип мінетін ахилер туралы айтты

Әлеуметтік желідегі оқырмандардың бірі салафилер туралы сөз қозғады.

  • 19 Қазан 2020
  • 1575
Фото - Caravan.kz

Оның пайымдауынша, теріс ағымдағы діндарлар жұмыс істемесе де жарты мииллионнан ақша алады, джип мінеді.

Бұл туралы Мейірхан Әуелханұлы жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды  Caravan.kz порталы, 

"Салафимен дос болған інім айтады: "Түк жұмыс жасамаса да айына карталарына 400-500 мың теңге түсіп тұрады. Тапсырма берілген кезде ақшасы кеңірдектен өтіп кеткен соң жанұшыра орындайды. 5-6 айда гелик мініп шығады. Ол джипті келесі ахи бауырына арзанға сатады. Сейфтегі жүз мыңдаған доллар ақшаларын үнемі орын ауыстырып отырады" деп…

Құрылыста жұмыс жасайтын інішек соңында "ақшаға байланған ахилар соңында ол гругтан шығам деп те шыға алмай" қалатынын айтты.", деп жазды ол.


Соңғы жаңалықтар