Түлкінің қала кезіп жүруі Жітіқара тұрғындарын қорқытты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түлкінің қала кезіп жүруі Жітіқара тұрғындарын қорқытты

Түлкінің қала кезіп жүруі Жітіқара тұрғындарын қорқытты

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында бірнеше күн бойы түлкі қала көшелерінде жүр, - деп хабарлайды Alau.kz басылымы жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап. 

  • 6 Қараша 2017
  • 223
Фото - Caravan.kz

Порталға хабарласқан әйелдің айтуынша, түлкіні қаланың бірнеше жерінен көрген. Ол Жітіқараның орталығына шығып, алаңда отырған. Бірнеше күн бойы ол еш алаңсыз көше бойымен кезіп жүр. 

"Бүкіл қала тұрғындары шуласып жатыр. Ол өзімен-өзі жүгіріп жүр, адамдарға жақындамайды. Бірақ адамдар тістеп алады деп қорқады және құтырған болуы мүмкін. Оның ұлығанын естіген адамдар да бар", — деді Жітіқара тұрғыны Ирина есімді әйел. 

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі өңірлік инспекциясы басшысының орынбасары Хилимхан Молдағұловтың айтуынша, түлкінің қала кезіп жүруіне бірнеше себеп бар.   

"Түлкі неге қалаға шығып кетт? Бұл құтырған болуы мүмкін. Бәлкім олай болмауы да мүмкін. Әрине, тексеру қажет. Қазіргі кезде жануарлар жейтін азығы бар, себебі әлі қар қатты түсе қойған жоқ. Жануарлар азығын тауып жей алады. Арыз түскен жағдайда, біз әрекет ететін болмамыз. Бұл бізге мемлекеттен түсетін тапсырыстардың бір, сол себепті онымен айналысатын боламыз", — деді Хилимхан Молдағұлов. 


 

Соңғы жаңалықтар