"Тумай жатып баланы алалаймыз": Экс-депутат Мұрат Әбенов жәрдемқаны беру тәртібін өзгертуге түбегейлі қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.73
  • € 502.98
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тумай жатып баланы алалаймыз": Экс-депутат Мұрат Әбенов жәрдемқаны беру тәртібін өзгертуге түбегейлі қарсы шықты

"Тумай жатып баланы алалаймыз": Экс-депутат Мұрат Әбенов жәрдемқаны беру тәртібін өзгертуге түбегейлі қарсы шықты

Экс Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов баланы алалауға қарсы шығып, жаңадан шығып жатқан жәрдемақы заңына түбегейлі қарсы шықты.

  • 5 Қазан
  • 12
Фото: paryzkz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның сөзінше мемлекет сәби дүниеге келмей жатып, оны алалай алмайды.

«Баланың ақшасын бөлек қарау керек. Бала дүниеге келді ме, әр баланы бөлмеуіміз керек. Тумай жатып, баланы біз алалап, дискриминация жасап жатырмыз. Сенің әкеңнің әттең, айлығы 5 мың теңгеге төмен болғанда, мемлекет қолдауға алар еді деп. Дұрыс па ол? Дұрыс емес ол.

Міне, біз былтыр мұнайдың ақшасын бөлдік. Мұнайдың ақшасын түсетін қордағы, жылда балаларға бөліп беретін болдық. Миллиардердің де, жұмыссыздың да баласы алады, барлығына бірдей дедік. Бірақ ол жерде біз бай, кедейдің баласы деп бөлген жоқпыз ғой.

Балаға тиесілі нәрсені, барлығына бердік. 18 жасқа дейін барлығы ақшасын алсын. Неге біз, ата-анасы апыр-топыр болып жатқанда, баланы шектеуіміз керек?», — деді ол.