Тұңғыш Президент қоры түлектерді марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғыш Президент қоры түлектерді марапаттады

Тұңғыш Президент қоры түлектерді марапаттады

Үздіктер марапатталды! Алматыда «Алтын белгі» иегерлері Тұңғыш Президент қорының сый-сияпатына ие болды.

  • 24 Маусым 2015
  • 225
Фото - Caravan.kz

Марапатталғандар – Алматы облысындағы Қарасай ауданының озат түлектері. Биыл аудан бойынша 10 адам «Алтын белгі» алған. Олар оқуда ғана үздік емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласыпты. Пәндік олимпиадаларды да бірнеше мәрте жеңіп алған. Бүгін еңбектері ескеріліп, оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Тұңғыш президент қоры оқу үздіктерін елеусіз қалдырған емес. Мұндай шараны жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Жас түлек Бүлдіршін Сержан да «Алтын белгімен» қоса, бүгін ерекше марапатқа ие болып, қуанышқа бөленді.

Бүлдіршін Сержан, «Алтын белгі» иегері:

-Шынымды айтсам, мен сенбедім, «Алтын белгіні» қорғадың дегенде. Бізді бұлай марапаттауы, бізден кейінгілерге мотивация.