Түнгі сағат үште мектепке барған: оқушының ата-анасы жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түнгі сағат үште мектепке барған: оқушының ата-анасы жазаланды

Түнгі сағат үште мектепке барған: оқушының ата-анасы жазаланды

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды. 

  • 6 Ақпан 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.

«3 ақпанда сағат 3.26-да «102» арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен», – деді елордалық ПД өкілі.

Ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.