Тунистің бұрынғы президенті 35 жылға бас бостандығынан айырылды
Тунис соты осы елдің бұрынғы президенті Зин Абедин бен Әли мен оның зайыбы Лейла Трабелсиді 35 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы сейсенбі күні британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады. |
Оларға жемқорлықпен айналысты және есірткі трафигімен айналысқан қылмыстық топтарға қолдау көрсетті деген айып тағылды.
Зин бен Әли мен оның отбасы Сауд Арабиясында тұрады, сондықтан сот сырттай үкім шығарды.
Бұған дейін Тунис билігі Сауд Арабиясынан экс-президентті беруді талап еткен болатын. Алайда ресми Эр-Рияд одан бас тартты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін