Түнтеков өзі себепкер болған жол апатынан соң үшті-күйлі жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түнтеков өзі себепкер болған жол апатынан соң үшті-күйлі жоғалып кетті

Түнтеков өзі себепкер болған жол апатынан соң үшті-күйлі жоғалып кетті

Қайрат Түнтековке іздеу жарияланбақ! Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы өзі себепкер болған жол апатынан соң үшті-күйлі жоғалып кеткен. Жапа шеккен тарапқа міндетті өтемақысының бір тиынын да төлемеген Түнтековке қазірдің өзінде елден шығуға тыйым салынды.

  • 30 Қазан 2013
  • 280
Фото - Caravan.kz


Өткен жылдың соңында белгілі әнші қалада өз көлігімен жүйткіп келе жатып “Лэнд Крузер”-ді бүйірден соққан. Жол таңдамайтын көліктің иесі ауыр жарақат алған-ды. Кейін Түнтеков осы апат үшін 40 күнге қамалған және сот шешімімен жапа шеккен тарапқа 4 миллион теңге төлеуі тиіс болатын. Алайда шығын сол күйі өтелмеген. Сот орындаушылары болса бір айдан бері Түнтековті таппай жүр. Енді сот әншіге шекара асуға тыйым салып отыр.