ТұранӘлемБанкі директорлары кеңесінің төрағасы болып Мұхтар Әблязов сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТұранӘлемБанкі директорлары кеңесінің төрағасы болып Мұхтар Әблязов сайланды

ТұранӘлемБанкі директорлары кеңесінің төрағасы болып Мұхтар Әблязов сайланды

Бүгін, 20-мамырда "ТұранӘлемБанкі" АҚ директорлары кеңесінің жиналысында кеңестің жаңа төрағасы болып Мұхтар Әблязов сайланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Мамыр 2005
  • 544
Фото - Caravan.kz

ТұранӘлемБанкі директорлары кеңесінің бұрынғы төрағасы Серік Уәлиев басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметтен босатылды.

«Акционерлер бұл шешімге көптен бері дайындалды және ол туралы менімен келісті. Шешімді толық құптаймын. Мұхтар Қабылұлы — еліміз бен ТМД аясындағы бизнес ортада жоғары беделге ие мықты басқарушы. Оның банкке тың серпін әкелетіні анық. Өз басым жеке кәсіпкерлік жобаларымды жүзеге асыруға бел будым»,- деді С.Уәлиев.
Ал М.Әлязов болса, ұзақ мерзімді күрделі мақсатарды алған қойып отырған ТұранӘлемБанкі тобының стратегиялық даму жоспарын жасауға атсалысуға ниет білдірді.
М.Аблязов 1963-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Түрлі мерзімдерде «Астана-Холдинг» АҚ мен КЕGОC ҰК-ларын басқарып, ҚР индустрия, экономика және сауда министрі болды. Бұл тағайындауға дейін «Еуразия» инвестициялық-өндірістік тобының президенті қызметін атқарды.