Жарияланды: 540

Тұрғын үй қатынастарын реттеуге бағытталған заң жобасы екінші оқылымға дайын

Тұрғын үй қатынастарын реттеуге бағытталған заң жобасы екінші оқылымға дайын. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осындай қорытынды шығарды және заң жобасын Палата депутаттарының талқысына ұсынып отыр.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісіне 2010 жылғы 11 маусымда енгізілді. Заң жобасы 2011 жылғы 2 наурызда бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасының негізгі мақсаты - мемлекеттік тұрғын үй қорын коммуналдық тұрғын үй қоры, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қоры және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қоры деп, олардың аражігін ажырату бөлігінде тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманы жетілдіру. Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді берудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ тұрғын үйлерді жекешелендіру тетігін және азаматтарды авариялық үйлерден көшіру тәртібін нақтылау мақсатын көздейді. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында қандай түзетулер енгізілгені жөнінде ертең, 1 маусым күні, Палатаның жалпы отырысында жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Аманғос Өтегенов баяндап беретіні күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін