Жарияланды: 40

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі IFC ұйымымен жаңа несие өнімін әзірлеу туралы келісім бекітті

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі IFC ұйымымен жаңа несие өнімін әзірлеу туралы келісім бекітті

Қазақстандықтарда үздік халықаралық тәжірибелерді қолдана отырып тұрғын үй мәселесін шешуге арналған қосымша құрал пайда болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Бүкіләлемдік банк Тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясымен (International Finance Corporation - IFC) сәйкес келісім бекітті.

- Біз дамыған тұрғын үй секторы Қазақстанның тұрақты өркендеуінде шешуші мәнге ие, ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі секілді қаржы институттары осы сектордың дамуына ықпал етуде маңызды рөл ойнайды деп санаймыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі банк секторының бәсекеге қабілеттілігін нығайту және Қазақстандағы қаржылық инклюзивті қамтамасыз етудегі біздің жағдайда мінсіз серіктес болып отыр, - деді Орталық Азия бойынша IFC басшысы Кассандра Колберт.

Жаңа несие өнімін әзірлеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2019 жылдың соңына қарай аяқталады. Бірінші кезекте IFCбанктің қазіргі қызметіне анализ жүргізеді, осыдан кейін клиенттер базасын саралайды. Клиенттердің қажеттілігін түсіну үшін халықаралық сарапшылар олардың жұмысын, табыс деңгейін, қай жерде тұратынын зерттейді. Осы деректердің негізінде банктің қазіргі өнімдер желісі және бизнес-процестері жетілдіріледі, сондай-ақ жаңа несие өнімі әзірленеді.

- Қазіргі күніҚазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспаналы болудың ең қолжетімді әдісі болып отыр. 1 миллион екі жүз мыңнан астам қазақстандық осы жүйеге сенім білдіреді. Бұл – елдегі экономикалық белсенді халықтың 13,1%-ы. Осы уақытқа дейін 165 000 азаматқа тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектестік. 2018 жылдың 10 айында ғана 30 500 отбасы біз арқылы баспаналы болды. Ал қазан айында 4 500 заем ресімдеп, рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Баспаналы атанған салымшылар саны бұдан да көп болуы үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықаралық деңгейге шығып отыр. Бұл қосымша инвестицияларға жол ашады және тұрғын үй мәселесін шешуге арналған жаңа құралдарды енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай қадамнан бірінші кезекте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттері ұтады. Оларға бұрынғыдан да сапалы, көпжылдық халықаралық тәжірибеге негізделген қызметтер ұсынылады, нәтижесінде салымшыларымыз тиімді жолмен баспана ала алады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Банк өнімдерін жетілдіру – 2023 жылға дейінгі даму стратегиясында көрсетілген мақсаттарға жетудегіТұрғын үй құрылыс жинақ банкінің негізгі міндеттерінің бірі.Бұл кезеңге қарай банк клиентке бағдарланған қаржы институты атанып қана қоймай, жоғары технологиялық ұйымға айналуы тиіс. Осы жылы аталған бағытта үлкен жұмыстар атқарылды және қашықтан қызмет көрсету сервистеріне баса мән берілді.

Мәселен, 2018 жылдың мамыр айында депозиттерді басқа адамның атына онлайн жолмен аударуға мүмкіндік беретін жаңа аукцион қызметі қосылды. Бұл жоба жүзеге асырылғалы бері 2 104 салым сатылды. Иесі өзгерген депозиттердегі жалпы жинақ сомасы 4 млрд теңгені құрады, яғни осындай сома тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде қалып, тұрғын үйге мұқтаж жандарға баспаналы болуға көмектесті.

2018 жылдың шілде айында банк видео арқылы кеңес беру қызметін іске қосты. Аталған сервис арқылы клиенттер менеджермен видеобайланыс орнатып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық қызметтері бойынша қашықтан кеңес ала алады.

Қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ қызмет алуға кеңесшілердің жеке желісі де көмектеседі. Бұған балама болатын жоба басқа бірде-бір қазақстандық банкте жоқ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кеңесшілері клиенттің үйіне немесе кеңсесіне келіп, келісім-шарт бекіте алады. Қазіргі уақытта банкте 80-нен астам штаттан тыс кеңесші бар. Олар 2017 жылдың басынан бері, яғни екі жылға толмайтын уақыт аралығында 360 мың жаңа салым ашқан. Ал жалпы алғанда аталған кезең ішінде 637 498 келісім-шарт бекітілген болатын.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть