Тұрғын үйге бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген адам қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үйге бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген адам қамалды

Тұрғын үйге бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген адам қамалды

Шымкенттегі аудандардың бірінде көп қабатты үйге бомба қойылғаны туралы хабар түскен, деп баяндайды меншікті тілшіміз Наталья Цой.

  • 30 Маусым 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz

Полицияға түн жарымында қоңырау соққан ер адам хабарлаған мекен-жайға ІІД, ҰҚК қызметкерлері шұғыл жеткен. Көп қабатты үй оқшауланып, ондағы тұрғындар мен жақын маңдағы көңіл көтеру орындарының келушілері қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғын үйдің барлық қуыс-қолтығын тексеріп шыққан саперлер ешқандай жарылғыш затты таппаған.  Ақыры бомба туралы жалған хабар берген 52 жастағы ер адам анықталып, қамауға алынды.


Оған қатысты ҚР ҚК 273-бабы (Біле тұра террористік акт жөнінде жалған хабар тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды 
http://www.24.kz/.