Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары мүлдем қанағаттанарлықсыз - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары мүлдем қанағаттанарлықсыз

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары мүлдем қанағаттанарлықсыз

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарын жандандыруға қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.

  • 5 Қараша 2013
  • 598
Фото - Caravan.kz

 Бұл ретте Үкімет басшысы ең алдымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану қажеттігін ескертті.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары мүлдем қанағаттанарлықсыз жүзеге асырылып жатыр. Бұл жайында тіпті кез келген қазақстандық телеарналардағы бағдарламалардан-ақ байқауға болады», — деді Үкімет отырысында Серік Ахметов.

Осыған орай, Премьер-Министр аталмыш жұмысқа бизнес-құрылымдарды тартудың қажеттілігін атап өтті. «Бизнестің тәжірибесін осы салаға жұмылдыруымыз керек», — деді Үкімет басшысы.

«Жалпы, осы және басқа да бағыттар бойынша Өңірлік даму министрлігіне жұмысты белсенді ете түсудің қажеттілігін ескертіп өткім келеді. Соған орай, осы мәселемен сонау құрылыс істері жөніндегі агенттік құрылғаннан бастап айналысып келе жатқан Серік кеңесұлы Нокинге сөгіс жариялаймын», — деді С. Ахметов.