Тұрғындар кооператив төрайымы «ақша жеді» деп күдіктеніп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғындар кооператив төрайымы «ақша жеді» деп күдіктеніп отыр

Тұрғындар кооператив төрайымы «ақша жеді» деп күдіктеніп отыр

Семейде көпқабатты үй тұрғындары шу шығарды. Жылусыз отырған жұрт пәтер иелері кооперативіне өкпелі. Тек ақша жинауды білетін олар қара күзде шұрық-тесік шатырды сол күйі жөндемепті. Енді төбеден сорғалаған судан пәтер ішін түгел көк басып жатыр. Оның үстіне жылу жүйесіндегі ақаудан да үйдегі температура 8 градустан көтерілмеген. Шағым айтып, шенділердің алдына барғанымен, одан да нәтиже шықпаған. 

  • 26 Ақпан 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

Мына пәтерге қарап, былтыр «жөнделген» деп айтуға ауыз бармайды. Жоғарғы қабаттағы үйдің төбесінен су сорғалап, қабырғаларын көк басқан. Қолқаны қабатын жағымсыз иіс те мұрын жарады.

Валентина Серая, Семей қаласының тұрғыны:

-Осында келген әкімдіктің өкілдеріне пәтерімдегі сұмдықты көріңіздер деп өтіндім. Бетіме қарап, күліп кетіп қалды.

Шұрық-тесік төбеден су ағатыны мұндағы жоғары қабатта тұратын барлығының бас қайғысы. Тұрғындар жергілікті кооператив өкілдеріне сан мәрте шағымдандық деп отыр. Бірақ, ешкім құлақ аспаған.

Альбина Булгакова, Семей қаласының тұрғыны:

-Бұлар ақша жинауды ғана біледі. Ал ол ақшаның қайда кетіп жатқаны туралы әлі есеп берген емес. Қалтасына басып жатқан шығар!

Белсенділері бүгін де кооператив төрайымын іздеп келді. Тек бастық орнында жоқ. Басқа қызметкерлер камерадан тығылып, дүрлігісіп кетті.

—  
Түсірмеңдер.

—  Неге түсірмейді екен?

— Ақша жинауыңды білгенде керімсің осы.

Үйге  жылудың жөнді берілмеуі жығылғанға жұдырық болған. Аязды күндері кейбір пәтердегі температура 8 градустан аспайды екен. Жауапты мекеме барлығына қысқа қам жасамаған кооперативті кінәлап отыр.

Асхат Бұқатов, «Жылукоммунэнерго» МКМ техникалық директоры:

-Ішкі жылу жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілмеген. Опрессовка дейміз, ол мүлде жасалмаған. Жылу мекемесінің міндеті жылуды үйге дейін ғана жеткізу. Ары қарай ол пәтер иелері кооперативінің міндеті.

-Дайындық жұмыстары дер кезінде жүрмегендіктен, тұрғындардың енді қыс біткенше шыдауына тура келеді. Жұрт қазір прокуратура мен қаржы полициясына шағым әзірледі. Құзырлы органдардан олар кооператив қызметін тексеруді талап етпек.