Тұрғындарды жаңа баспанаға көшіруге мүмкіндік берген бағдарлама тоқтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Тұрғындарды жаңа баспанаға көшіруге мүмкіндік берген бағдарлама тоқтап қалды

Тұрғындарды жаңа баспанаға көшіруге мүмкіндік берген бағдарлама тоқтап қалды

Өскемендегі «апатты» деп танылған үй тұрғындарының үміті үзілді. Себебі, бұған дейін арнайы кезекте тұрып, жаңа баспаналарға көшуге мүмкіндік берген бағдарлама мүлдем тоқтаған. Құлауға шақ тұрған үйлерінің саны бойынша елімізде көш бастап тұрған қала басшылығы енді осындай елуге жуық отбасыны қайда жіберерін білмей басы қатуда. 

  • 12 Ақпан 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz

 Бұл үйлердің апатты деп танылғанына талай уақыт болған. Қабырғасы қақыраған баспаналар біржола сүрілсін деген бағдарламанің өзінің шыққанына он жыл. Бірақ, жылы орнынан ешқайсысы жылжымай отыр. Өйткені бағдарламаға ілінбей қалған, басқа баратын жері де жоқ. 

Сандуғаш Смағұлова, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Екінші этажы жартылай бос тұр. Ешқандай жағдай жоқ. Бәрі далада, канализация істемейді.

Шатыры ортасына түскен мына баспана өткен ғасырдың 30-шы жылдары тұрғызылыпты. Үйдің сүреңсіз сұлбасына қарап ішінде тірі жан жоқ деп қаласың. Алайда, бірінші қабаттың терезесінен тартылған мұржадан түтін шығып жатыр.

-С печкой больше 10 лет мучаемся вот так. Отключили как отопление и воду горячую

Жалпы шаһарда апатты жағдайдағы үйлердің саны елуге жуықтайды. Көбі жартылай бос тұр. Кейбіреуі судан, жылу мен жарықтан толығымен ажыратылған.

-Мынау Өскемендегі ең көне көшелердің бірі. Үйлердің мұндағы тұрғызылғанына бір ғасырға жеткен. Аумақтың өзі өндірістік болғандықтан бір кездері шенеуніктер тұрғындарды жаппай көшіреміз деп уәде берген. Кейіннен үйлер апатты деп танылды. Онда да әкімдіктегілер бағдарлама құрып, жергілікті жұртты жаңа пәтерлерге қоныстандыруды қолға алған-ды. Алайда, қазір бағдарлама аяқталып қойды. Бірақ мынау қирағалы тұрған үйлерде әлі жұрт күн көріп отыр.

Зейнеткер Светлана Егорова түнде төбе құлап, басып қала ма деп үнемі алаңдап отырады. Апатты деп танылған үйден қашан көшірілетінін өзі де білгісі келеді екен. 


Светлана Егорова,Өскемен қаласының тұрғыны:

— Өткен жылы жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтерге көшесіз деп айтқан. Кезегім келген шығар деп үміттенгенмін. Әлі осы күркенің ішінде отырмын.

Владимир Головатюк, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

— Кезекте тұрғандар бес мыңнан асады. Егер қалада тұрғынүй салынбаса кезек қайдан жылжиды. Апатты үйлердің тұрғындары үшін бұған дейін арнайы бағдарлама болған. Қазір ол жабылды. Енді бұл кісілер жалпы кезекке қарайды.

Шенеуніктер апатты үйлерді тағы бір рет санап шықпақ. Жөндеуге келетін баспаналарды қаптап, жаңалап берерміз бәлкім дейді. Ал, құлағалы тұрған үйлердегі қарашаның басқа пәтерге көшетініне өздері де күмәнмен қарауда.